Меню KDT

logo.png?_=2?_=1

Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» кмм


+7-72771-58-276

2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 33942 болып тіркелді.

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау.
2024 жылғы 1 сәуірден бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі" КММ бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды. Оқыту тілі-орыс тілі.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушіде (мектепте).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін құжаттар қабылданады

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ға дейін.

2) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мектеп директоры Досаева Багдан Беделбаевна

Choose Color